Kz
Ru En
Сіздің аймағыңыз:

Moskovskaya Oblast'

Жоқ  /  Иә
Үйге және кеңсеге арналған еден төсеніштері

Төсеу және күтім жасау

Жаңалықтар және ақпарат/ Төсеу және күтім жасау
ПВХ линолеумы
Винильді ПВХ еденүсті жабындарға күтім жасау

Линолеумды тазарту үшін келесілерді қолдануға БОЛМАЙДЫ:
— құрамында абразивті заттар бар құралдар (мысалы, тазарту ұнтағы);
— еріткіштер (ацетон, этилацетат және басқа тұрмыстық еріткіштер, лак тазартуға арналған сұйықтық);
— әмбебап тазарту және жуу құралдары, ыдыс жууға арналған құралдар.
Осындай құралдар жабынның мерзімінен бұрын тозуына жағдай жасайды және оның сыртқы түрін нашарлатады. 
Линолеумды зақымданулардан (сонымен қатар жиһаздың сырлайтын элементтерімен жанасқаннан кейін сырлаудан) қорғау үшін жиһаздың табандары астына картон немесе киіз төсемелер төсеу ұсынылады. Ауыр заттарды қозғалтқан кезде линолеумның деформациясының алдын алу үшін берік және жұмсақ төсеме материалды пайдалану ұсынылады. Аунақшалы табандардағы үстелдер және орындықтар пайдаланылатын жерде арнайы пластик немесе басқа қатты қорғаныс кілемшелерін төсеу керек.

Пвх еденүсті жабындарды төсеу

Кез келген басқа еденүсті жабынға қарағанда, винильді еденүсті жабындарды төсеу оңай. Алайда ол төсеу үшін еденді дайындаудағы, линолеумды жазудағы, кесудегі және оны жабыстырудағы белгілі бір машықтарды қажет етеді. Шүбәсіз, әрлеу жұмыстарының осы түрін жүргізуде тәжірибесі бар мамандарға төсеуді жүргізген жөн, бірақ егер сіз осыны өзіңіз жасағыңыз келсе, онда төменде көрсетілген ережелерді және ұсыныстарды сақтау керек.

Төсеу үшін сізге келесі құралдар қажет болады: 
металл сызғыш немесе өлшеуіш таспа, 
еденүсті жабындар кесуге арналған пышақ, 
қайшы, еденүсті ПВХ-жабындарға арналған желім, 
тігістерді дәнекерлеуге арналған желім (егер екі және одан артық материал тілімін «түйістіру» болжамдалса), арнайы қағаз скотчы (ыстық дәнекерлеу қолданылған жағдайда).

1. Негізді дайындау
Еден негізі тегіс, құрғақ, таза және берік болу керек. Құйылған еден немесе тегістелген бетон тұтастырғы мінсіз негіз болып табылады. Тұрмыстық орынжайларда бетіне 15 см қадамымен шегеленген, АТТ немесе 6 мм жоғары сапалы шере төселген тегіс тақтайлы еденге (биіктік бойынша елеулі айырмалары жоқ) төсеуге болады, осы жағдайда шере тілімдерін олифамен немесе сырмен қаптауға болмайды. 
ПВХ линолеумды қоғамдық орынжайларда төсеген жағдайда негіз ретінде ТЕК құйылған еден немесе тегістелген бетон тұтастырғы болып табылуы мүмкін.
Төсеуге дейін екі тәулік бұрын линолеумды бөлме температурасындағы (+15°С және жоғары) орынжайда жазу керек. Жаңа жабынды ескі жабынға төсеуге болмайды. Линолеумды тікелей асфальт немесе битум едендерге төсеуге болмайды. Төсеме жабындарды және жылытқыштарды пайдалануға болмайды!

2. Өлшеу
Ойықтарды және есік саңылауларын қоса алғанда, орынжайдағы еден бетінің максималды енін және ұзындығын өлшеу керек. Тігістердің алдын алу үшін, орамның жарамды максималды енін таңдау керек. Бірнеше тілімді пайдаланған жағдайда суретті ескеру керек. Сурет реңктерінің барынша аз шамада ерекшеленуі үшін, бір орамнан немесе бір топтамадан тілімдер алу керек.

3. Қаптамадан шығару
Линолеумды құрғақ орынжайда +15°С төмен болмайтын температурада қаптамадан шығару керек. Линолеум 0°С бастап +10°С дейінгі температурада тасымалданған жағдайда орамдарды оны орынжайға кіргізгеннен кейін кем дегенде 24 сағат бұрын қаптамадан шығару керек, ал 0°С төмен температурада тасымалданған жағдайда — кем дегенде 48 сағат бұрын.

4. Қиыстырып келтіру
Линолеумды суретін жоғары қаратып жазу керек. Егер қабырға барлық өзінің ұзындығында түзу болса, линолеумды ол қабырғаға тікелей жанасатындай төсейді. Егер қабырға тегіс болмаса, онда жабынды қабырғаға қаусырып төсейді.

5. Жиекті дәл кесу
Назар аударыңыз! Материалды кесуді бастағанға дейін ығысулардың алдын алу үшін жабынды негізгі екі жақты скотч тілімдерімен бекітіңіз.

Бұрыштарды және шықпаларды кесу 
Сыртқы бұрыштарды кесу үшін жабынды қабырға мен еден түйісетін нүктеге дейін басыңыз, қабырға бұрышының бойымен дәл еденге дейін (үзілудің алдын алу үшін) шағын (0,3-0,5 см тілім) «крестпен» тілім жасаңыз.
Ішкі бұрыштарды кесу үшін материал дәл бұрышқа орналасқанға дейін диагональ бойынша (еденге параллель) линолеум тілімінің бұрышын біртіндеп кесіп отырыңыз.

Ақырғы кесу
Жиекті дәл кесу үшін, линолеумды қолмен қабырғаға қысу керек, кейін қайшының сақинасымен линолеум бүгілетін жерді сызу керек және, жабынды темір сызғышпен немесе қырғышпен қабырғаға қысып, линолеумның артық мөлшерін пышақпен аз-аздап кесу керек. Кескеннен кейін материал қабырғаға тікелей жанаспау керек. Линолеумның бүгілуінің орын алмауы үшін, әр қабырғада 5-10 мм тең саңылау қалдыру керек.
Назар аударыңыз! Ақырғы кесуді біртіндеп жасаңыз. Артық материалды әрқашан кесуге болады, ал жетіспейтін материалды қалпына келтіру мүмкін емес!


6. Суретті келістіру және тігістерді түйістіру 
Тігістерді көзге көрінбейтіндей қылу үшін, түйісетін жиектерді бір-бірінің үстіне орналастыру керек, тілімдер жалғанатын жерді ауыр затпен қысып, металл сызғыш бойынша түйіспені екі қабат арқылы кесу керек. Кейін тек кесінділерді алып тастау керек. Түйістірілетін линолеум тілімдері суреттерінің реңктерінің барынша кем ерекшеленуі үшін, жазу кезінде бір қиманың ұшын екінші қиманың басымен түйістіру керек, яғни қималарды олардың орамдағы орналасуы бойынша төсеу керек. 

7. Жабыстыру
Сіздің линолеумның ұзақ қызмет етуі үшін, ҚНжЕ 2.03.13-88, ҚНжЕ 3.04.01-87 талаптарына сәйкес орынжай ауданынан тәуелсіз линолеумды негізге толықтай жабыстыру керек.

Жабынды тігіспен төсеу 
Тігістерді көзге көрінбейтіндей қылу үшін, суреттің біріктірілуін ескеріп, түйісетін жайма бөліктерін бір-бірінің үстіне 3-5 см қаусырып төсейді. Келесі ұсыныстарды сақтаңыз:
— Екі жақты скотчты пайдаланып, жаймаларды еденде бекітіңіз;
— Бір жайманы шеттен бастап бөлме ортасына қарай жайыңыз, желім өндірушісінің нұсқауларын сақтап, ПВХ-жабындарға арналған желімді негізге жағыңыз және оны бет бойынша қырғышпен біркелкі үйлестіріңіз;
— Ертерек жайылған ПВХ линолеумының жаймасын қойып, түйіспені қоспағанда, ортасынан шетке қарай еденнің барлық беті бойынша аунақшамен өтіңіз, осылайша ауа көпіршіктерін мұқият шығарып, линолеум жаймасының негізге толық және біркелкі жанасуын қамтамасыз ету керек;
— Тағы да алдын ала суреттің сәйкестігін тексеріп, жоғарыда сипатталған қадамдарды жайманың екінші бөлігі үшін қайталаңыз;
— Жабысу үшін линолеумды қажетті уақытқа қалдырыңыз (желімге арналған нұсқаулықты қар.). Материал +15°С төмен болмайтын ауа температурасында және 70% аспайтын ауа ылғалдығында терезелері тығыз жабылған орынжайда кем дегенде 24 сағат кебу керек;
— Желім кепкеннен кейін суреті сәйкестендірілген екі жайма үсті-үстіне орналасатын жерде металл сызғышты қойыңыз, оны жаймаға тығыз қысып, пышақпен сызғыш бойымен бір уақытта екі жайманы толықтай кесіңіз, осы жағдайда суреттің ығысуына жол бермеңіз. Кесінділерді алып тастап, түйіспені сол желіммен жабыстырыңыз;
— ПВХ-жабындарды дәнекерлеуге арналған арнайы құрам көмегімен салқын дәнекерлеу әдісімен немесе ПВХ-жабындарды дәнекерлеуге арналған арнайы сымды қолдану арқылы ыстық дәнекерлеу әдісімен линолеумның түйіспесін дәнекерлеуге рұқсат етіледі.
ПВХ линолеумды төсеу бойынша барлық жұмыстарды жүргізгеннен кейін қабырғаларға және арақабырғаларға түйісетін жерде оның жиектерін кенереліктермен жабу керек, оларды негіздерге немесе қабырғаларға бекіту керек. Есік ойықтарында жабын жиектерін негізге бекітілген табалдырықша көмегімен жабу керек.
Линолеумды тігіссіз төсеу жабынды тігіспен төсеу сияқты орындалады, тек суретті сәйкестендіру және тігісті дәнекерлеу бойынша операциялар орындалмайды. Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін 72 сағаттан соң еденді пайдалануға болады.

8. Жылытылатын еден жағдайында төсеу 
Едендерді жылыту жүйесі еден жабынын төсеуге дейін 72 сағат бұрын, сонымен қатар еденүсті ПВХ-жабын төселгеннен кейін тағы 72 сағат сөндірулі болу керек. Тек тұтастырғыға батырылған жылы еденге құрастыруға болады.
Жабынды төсеуді аяқтағаннан кейін температураны күніне бірнеше градустан, қажетті температураға жеткенге дейін біртіндеп жоғарылату керек, ол еден жабыны және негіз түйісетін жерде +27° C аспау керек.

9. Тігістерді саңылаусыздандыру
Тігістерді «салқын дәнекерлеу» кезінде екі дәнекерленетін кесінді жиектері өзара дәнекерленеді, осының арқасында түйіспелер визуалды көрінбейді. «Дәнекерлеу» үшін арнайы сықпадағы желімді пайдаланады – сықпаның ине тәрізді ұштығын түйіспеге енгізіп, құрамның барлық тереңдікке енуі үшін тігіс бойымен баяу жылжытады. «Салқын дәнекерлеу» бойынша толық нұсқау желімнің өзінің қаптамасында келтірілген.

ПВХ еденүсті жабындарды сақтау

ПВХ еденүсті жабындар сыртқы ауа райы жағдайларынан қорғалған орынжайларда сақталу керек.
Қоймалық орынжай құрғақ және тура күн сәулелерінің түсуінен қорғалған болу керек. ПВХ еденүсті жабындар газды немесе мұнайды өртеу кезінде түзілетін түтінді газдар оған әсер еткен кезде сарғаюы мүмкін, сондықтан еденүсті жабындарды сақтауға арналған орынжайдың осындай газдардың әсеріне ұшырамайтындығына көз жеткізу керек.
ПВХ-линолеумды бір қатарда кесілген жиегін жоғары қаратып, +15°С төмен болмайтын температурада, көлденең жайғасымда, жылыту аспаптарынан кем дегенде 1 метр қашықтығында сақтау керек. Линолеумды қышқылдармен, органикалық еріткіштермен және құрамында осылар бар заттармен бірге сақтауға тыйым салынады.

Кері қоңырауды сұрау
Іздегеніңізді таппадыңыз ба?
Телефон нөміріңізді қалдырыңыз, біз сізге қоңырау шаламыз!

Этот веб-сайт использует файлы cookie для улучшения функциональности и результатов работы, отображения актуальных для вас коммерческих сообщений и сбора статистических данных. Оставаясь на этом сайте, вы соглашаетесь на использование сохраняемых на вашем устройстве файлов cookie и на обработку ваших персональных данных. Более подробную информацию см. в нашей Политике использования файлов cookie , Политике конфиденциальности соискателей , Общей политике конфиденциальности

//- inject:svg //- endinject