Компания және брендтер
Біз кімбіз
Beaulieu International Group — бельгиялық өнеркәсіптік топ. Біз коммерциялық және тұрғын үй жылжымайтын мүлік үшін полимерлі шикізат, тоқыма жартылай фабрикаттар мен еден жабындарын өндіреміз.
B.I.G. сандар көрсеткіші
- 29 жеке зауыт.
- >2 млрд € жылдық айналым.
- 5000+ бүкіл әлем бойынша қызметкерлер.
1959 жылдан бері жұмыс істейміз
B.I.G. тобының тарихы ХХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Белгиялық Роджер де Клерк зығыр өсіруден үлкен агрофермаға ие болған әкесінің жолын жалғастыруды жоспарлады. Дегенмен зығыр нарығындағы дағдарыс оны жаңа табыс көзін іздеуге мәжбүр етті. 1959 жылы Роджер де Клерк туған қаласы Вильсбекте кілем фабрикасының негізін қалады.
Бірнеше онжылдықта шағын отбасылық мануфактура халықаралық холдинг деңгейіне дейін өсіп, еден жабындарын өндіруде әлемдік көшбасшылардың бірі болды.
Beaulieu International Group бизнесі өзінің ауқымдылығына қарамастан, бұрынғыша отбасылық іс болып қала береді — компанияны құрушының балалары басқарады.

Біздің миссия
Біз адамдар тұратын және жұмыс істейтін үйлер мен кез келген үй-жайлардың жайлы болуы үшін жұмыс істейміз. Еден жабындарын өндіру саласындағы көшбасшылардың бірі ретінде біз нарықтың болашағын қалыптастырамыз және өзгелерге үлгі боламыз. Біздің отбасылық компания үшін жайлылық пен ыңғайлылық маңызды. Шешімдердің ассортименті әр түрлі бөлмелерге: пәтер, үй, кеңсе немесе өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін оңтайлы нұсқаны таңдауға мүмкіндік береді.

Біз не өндіреміз
Біздің негізгі еден жабындарымыз:
- JUTEKS, IDEAL, BEAUFLOR, PROFI, TEXTURA линолеумы;
- BERRYALLOC, IDEAL және ABERHOF, TRENDLINE ламинаты;
- BERRYALLOC паркет тақтасы;
- IDEAL, CARUS, OROTEX, REAL ковролин;
- IDEAL кілем плиткасы;
- BERRYALLOC LVT/винилді плитка;
- ORYZON және TURFGRASS жасанды шөп;
- CLEANWILL қоқыстан қорғайтын (есікалды) кілемшелер.

Polymers химиялық жеткізудің әлемдік тізбегіндегі маңызды буын және түйіршіктелген полиэтилен дайындаумен айналысады. Бұдан әрі түйіршіктер өз өндірістік желілерінде пайдаланылады және басқа компанияларға жеткізіледі.

Топ кәсіпорындарында қолданылатын озық технологиялар ылғалға төзімді, гипоаллергенді және берік еден жабындарын жайластыру бойынша ең күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

B.I.G. компаниясы және топтың өнімдері туралы толық ақпаратты www.bintg.com сайтынан қараңыз.
Сараптамалық тәжірибе
Алғашқы фабрикамыздың бастауынан бастап біз бизнестің негізіне сараптамалық тәсіл қаладық. Бұл дегеніміз, біз айналысып жүрген барлық бағытты терең түсінеміз деген сөз Бұл бізге әлемдегі ламинат, линолеум және басқа да еден жабындарының үздік өндірушілерінің бірі болуға мүмкіндік берді.
Инновация
Біз клиенттерге тек жоғары технологиялық шешімдерді ұсыну үшін өзімізді үнемі жетілдіріп отырамыз. Ол үшін біз кез келген инновация үшін ашықтық қағидатын ұстанамыз және университеттермен, зерттеу институттарымен және аралас салаларда көшбасшы-компаниялармен ынтымақтастық қалыптастырамыз.
Экологияға қамқорлық
Біз барлық өндірістік алаңда қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға ұмтыламыз, біз энергия үнемдейтін технологияларды енгіземіз, қалдықтарды кәдеге жарату мәселесіне мұқият қараймыз, көлік паркін іштен жану қозғалтқыштарынан электрлік тартымға ауыстырамыз. Біздің зауытта атмосфераға шығар алдында пайдаланылған газдарды тазалайтын терможағу жүйесі орнатылған. Сондай-ақ, біз өндірісте пайдаланылған суды қоршаған ортаға қайтару алдында мұқият тазартамыз.
Экологиялылықты арттырудың тағы бір жарқын мысалы – EqoBalance® полиамидті жіптердің жаңа түрін іске қосу. Бастапқы шикізат жеткізуді толық қайта ойластырудың арқасында EqoBalance® иіржібін өндіру үшін пайдаланылатын бастапқы материалдардың 75%- дан астамын қалпына келтірілетін биоресурстармен алмастыра алды. Осылайша парниктік газдардың шығарындыларын түбегейлі төмендетті.

Ресейдегі B.I.G. өндіріс алаңы
Владимир облысы Камешково қаласындағы «Ютекс» зауыты Ресейдегі ең ірі линолеум өндірушілердің үштігіне кіреді. Мұнда Juteks, IDEAL гетерогенді/көп қабатты линолеум, коммерциялық және тұрмыстық бағыттағы басқа да маркалар шығарылады.
Өнім бүкіл Ресейге, Украинаға, ТМД елдеріне жеткізіледі.
Бүгінде екінші өндірістік желіні монтаждау қарқынды жүріп жатыр, оны іске қосу 2020 жылдың ІІ маусымына белгіленген. Бұл тек шығарылатын өнімнің ассортименті мен көлемін арттыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар экспортты айтарлықтай ұлғайтады.
